Елисей сарайындағы қазақ тазылары

273

0

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеті қазынаның бірі – құмай тазыға деген айрықша құмарлығын халық жақсы біледі. Қазір Мемлекет басшысының ерекше күтімдегі үш асыл тұқымды тазысы бар.


Оның бірі – қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды.

Фото: Ақорда


Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.
Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады. Бұл туралы Қазақпарат жуырда ғана хабарлаған еді.


Ал бүгін Франция Президенті Эмманюэль Макронның жеке фотографы Instagram-дағы парақшасында мемлекет басшысының қазақы тазылармен түскен суретін жариялады.
Фотосуретте Франция Президентінің жанында үш ит тұр, оның екеуі – тазы.


Айта кетейік, былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция Президенті этноауыл көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді.


Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген еді.


Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға сыйлаған қазақы тазының екі күшігі Францияға жеткізілді.
Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген ат қойылғаны мәлім болды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<