Елімізде науқастардың 17 пайызы антибиотиктерге әбден бейімделген

248

0

Заңнамада мұндай әрекеттерге қатаң тыйым бар. Себебі, антибиотиктерді ретсіз қабылдаудың салдарынан кейін өзге дәрілердің әсері болмауы мүмкін.
Жыл сайын әлемде миллиондаған адам туберкулез ауруына шалдығады. Олардың ішіндегі 480 мыңын емдеп шығу мүмкін емес. Өйткені бұл науқастардың ағзасы антибиотикке бейімделген. Мамандардың айтуынша, мұндай ахуалға дәрігерлер ғана емес, науқастардың өздері де кінәлі. Көп адам өз бетімен жекеменшік дәріханаға барып, дәрігердің ескертулерін елемей антибиотик сатып алады.
Дидар Байдуллаева, ҚР ДСМ ДСДРО Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы бөлімінің бас маманы:
– Бізде антибиотиктерді 29 пайызда рецептсіз береді. Шамамен 30 пайыз, ал антибиотиктер барлық тағайындалған дәрілердің 20 пайызын ғана құрауы тиіс. Біздің проценттік статистика жоғары. Антибиотиктерді тек қана рецептімен тағайындау керек. Оны бірден тоқтатуға болмайды. Оны курс біткенге дейін бітіру керек.
Дәрігердің нұсқаулығынсыз антибиотикті сататын жекеменшік дәріханалар заңнамамен қорғалған. Фармация комитеті оларды өз бетімен тексере алмайды. Тек науқастар шағымданған жағдайда да ғана арнайы комиссия бұл мекемелерді бақылауға алады. Ал мемлекеттік дәріханалар ешқашан рецептсіз антибиотик бермейді.
Динара Абдуллина, фармацевт:
– Біздің дәріхана жүйесінде антибиотиктер тек рецепт бойынша жіберіледі. Кейбір науқастар рецептсіз келеді. Бірақ біз оларға түсіндіреміз. Оларды үйіне жібереміз, тек қана рецептпен екендігін түсіндіреміз.
Былтыр аурулардың 17 пайызы антибиотиктерге әбден бейімделгені анықталған. Мамандар егер де науқастар өздеріне белгіленген дәрілерді көптеп ішуді тоқтатпаса, 2030 жылы бұл көрсеткіш 70 пайызға жету мүмкін екендігін ашық айтып отыр.
www.24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<