Еңбек министрлігі екіге бөліне ме

651

0

Елімізде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екіге бөлінуі мүмкін бе? Бұл сауалға ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

– Қазір бұл мәселе қаралып жатқан жоқ. Жалпы халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау бір-бірімен байланысты. Мысалы, жұмысшы өндірісте жарақат алса, алдымен оның құқығын қорғау керек, екіншіден денсаулығына қарай мүгедектік мәртебесін тағайындау мүмкін болады. Бұл бір-бірімен тығыз байланысты процесс. Сондықтан халықты еңбекпен қамту мен әлеуметтік қорғаудың бір ведомствода болғаны тиімді деп ойлаймыз, – деді Ербол Оспанов тілші сауалына.

Еске салсақ, биыл қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Смайылов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін екі ведомствоға бөлу идеясын ұсынған еді.

Депутаттың айтуынша, аталған министрлік еңбек құқықтарын қорғау мен әлеуметтік қорғау саласындағы мәселелерді шешуге келгенде мүлдем енжар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<