«Эйр Астананың» ұшағы әуежайға неліктен қайта оралғаны белгілі болды

245

0

«Эйр Астананың» ұшағы әуежайға неліктен қайта оралғаны белгілі болды «Эйр Астана» компаниясы техникалық себептерге байланысты Шереметьево әуежайына қайта оралған Нұр-Сұлтан-Мәскеу рейсіне қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әуе компаниясының Корпоративті коммуникация бойынша департаментіне сілтеме жасап. «21 мамыр күні «Эйр Астана» әуе компаниясының «Нұр-Сұлтан-Мәскеу» бағыты бойынша KZR873 рейсін орындаған ұшақ техникалық себептерге байланысты сағат 21.56-да әуежайға қайтып келді. Биікке көтерілу кезінде сигнализация дисплейінде №1 қозғалтқыштан шығып жатқан газдың температурасы мен вибрациясы көтерілгені туралы хабарлама шыққан. Экипаж режімді шағын газ деңгейіне ауыстырып, қозғалтқыштың параметрлері рұқсат етілетін деңгейге теңестірілді. Экипаж компанияның процедураларына сәйкес, ұшақты әуежайға қайта қондыру туралы шешім қабылдады. Ұшақты қондыру штаттық режімде жүргізілді», – деп хабарлайды «Эйр Астана» әуе компаниясынан. Барлық жолаушыларға, оның ішінде Шереметьево әуежайында рейсін күтіп отырған жолаушыларға тамақ пен жатын орын берілді. Орындалмай қалған рейстің жолаушылары Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге бүгін таңертең сағат 08:05-те КС893 кезекті рейсімен сапарын жалғастырды. Қазіргі уақытта әуе компаниясының техникалық персоналы ұшақта болған ақауды реттеп жатыр. Еске сала кетсек, кеше Мәскеуден ұшып шыққан «Эйр Астана» компаниясының ұшағы техникалық себептерге байланысты Шереметьево әуежайына қайта оралған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<