Фархад Каналбеков – əлем чемпионы

277

0

18-25 мамыр аралығында Токио қаласында (Жапония) классикалық жəне экипировкалық жатып сығымдаудан өтіп жатқан Əлем чемпионатында жерлесіміз Фархад Каналбеков алтын медаль иеленіп, еліміздің Əнұранын шырқатты.
Жастар арасында сынға түскен Фархад 59 келіде классикалық түрінен – күміс, экипировкалық түрінен – алтын медальдарды жеңіп алды. Ол осымен екінші мəрте Əлем чемпионы атанды.
Ф.Каналбеков – Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері, былтырғы жылғы Əлем чемпионы. Ол енді келесі жылдан бастап ересектер арасында бақ сынасатын болады.  
Сондай-ақ, Əлем чемпионатында экипировкалық жатып сығымдаудан 74 келі салмақта Қуанышбай Төлегенов – екінші, Қожахмет Жалтаев – үшінші орындарды еншіледі. Спортшыларды жарысқа Файзулла Идрисов дайындады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<