Иманбек жаңа туындысын көпшілікке ұсынды

723

0

 

Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов америкалық әнші Salem Ilese-мен бірігіп жазған жаңа композицияны көпшілікке таныстырды. Бұл туралы музыканттың өзі Instagram желісіндегі парақшасында ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа туындының атауы – «Married to your melody». Тректі бүкіл музыкалық алаңдардан тыңдауға болады.

Жуықта ғана Иманбек АҚШ пен Еуропада жеке тур өткізетінін мәлімдеген болатын.

Ол тур 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлығы 24 концерт беру жоспарланып отыр. Тур барысында Иманбек Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде концерт бермек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<