Канн фестиваліне еліміздің сегіз фильмі қатысады

311

0

Канн фестиваліне еліміздің сегіз фильмі қатысады 19 мамырда аяқталатын шараға Қазақстаннан сегіз кинокартина қатысады.
Тізімге Сергей Дворцевойдың “Айка” фильмі енген. Бұл киноны Қазақстан, Ресей, Польша, Германияның бес компаниясы түсірген. Алайда фестивалге “Айка” Қазақстан атынан ұсынылған. Кинокартина – Мәскеуде бала туып, оны перзентханада тастап кеткен қырғызстандық мигрант қыз туралы драма.

Канн фестивалінің “Ерекше көзқарас” номинациясына қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың шартты атауы “11 ықшамаудандағы атыс” деген фильмі қатысады. Махаббат хикаясына негізделген бұл фильм жарысқа Қазақстан мен Францияның біріккен жұмысы ретінде ұсынылады.

Бұдан бөлек фестивальде режисерлар Ольга Коротко, Венера Қайыржанова, Берік Жаханов, Алма Баймұратова, Әсел Аушакимова және Жаннат Алшановалардың фильмдері көрсетіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<