Кітап әлемді бағындырады

1073

0

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Кеше – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні. Осыған орай Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тосын сыйға кітап» атты дәстүрлі кітап сыйлау акциясы өтті.

Мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен өткен шарада оқушылар мен қызметкерлер бір-біріне сүйікті туындыларын сыйға тартты.

– Бала кезімде жаңа жыл қарсаңында маған әдемі иллюстрацияға толы «Алиса в стране чудес» кітабын сыйлады. Одан бас алмай лезде толық оқып шықтым. Сол кезден кітап менің жолсілтер серігіме айналды, – деп естеліктерімен бөлісті орыс тілі пәнінің мұғалімі Жанар Омарова.

«Кітап – алтын сандық, іші толған қазына, құт», – дейді дана халқымыз. Әрбір шығарманың оқырманға берер рухани құндылығы зор. Бүгінгі әлем әдебиеті үшін символикалық дата жас зияткерлер мен ұстаздар қауымын жақындастырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

– Кітаппен дос болған жандар өте зерек, алғыр болады. Олардың ой-өрісі кең, тілдік байлығы артады. Жылдан жылға мектебімізде оқырмандардың қатары кеңейіп, мектеп қауымдастығының оқуға деген құштарлығы арта берсін. Бүгінгі сыйға алған ғажайып туындылар алдағы уақытта сіздерге рухани азық беретініне сенімдімін, – деп тілегін жеткізді мектеп директоры Жаңбыржан Бекболатов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<