Кітапхананың жаңа ғимараты бой көтерді

631

0

«Адамды адам еткен — кітап, адамзат еткен — кітапхана» демекші, Шиелі аудандық тарихи өлкетану музейінің жанынан аудандық кітапхананың жаңа ғимараты бой көтерді.

Келушілерге рухани азық сыйлайтын кітапхананың бүгінгі жаңа ғимараты қос қабаттан тұрады. Заман талаптарына сай жасақталған ғимаратта абонемент және акт залы, замануи технологиямен жабдықталған интернет және оқу залы қызмет көрсетеді. Кітапхана әр жыл сайын жаңа басылымдармен, әдебиеттермен толықтырылып тұрмақ. Қазіргі уақытта кітапханада 55 мыңға жуық кітап қоры бар.

Қазіргі таңда Шиелі ауданында орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты 32 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Аудандық орталық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 4 қалалық кітапхана және 26 ауылдық кітапхана бар. Оның ішінде 1 модельдік ауылдық кітапхана, үш ауылдық онлайн орталығы бар. Ауданның 15 кітапханасында «Коворкинг» білім орталықтары ашылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<