Көңіл шалқытқан кеш

290

0

Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай камералық оркестрдің қатысуымен «Өнер. Өмір. Өркениет» тақырыбында классикалық кеш болып өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі Анар Жаңбырбаева, бас дирижері Кеулімжай Ботабаев.
Концертте Қазақстанның Мәдениет қайраткері Кеулімжай Ботабаевтың дирижерлігімен оркестрдің орындауындағы «Пер Гюнт» сюитасынан Эдвард Григтің «В пещере горного короля», виолончель аспабында Әділ Бестембеков орындаған Чайковскийдің «Пеццо каприччиозо» шығармалары, А.Иманжаппаровтың орындауындағы Чайковскийдің «Пиковая дама» операсынан «Князь Елецкийдің ариасы», Мақсат Мақұлбековтың орындауындағы халық әні «Алкоңыр» сияқты таңдаулы музыкалық туындылар көрермен көңіліне тамаша әсер қалдырды.
Сондай-ақ, мерекелік концертте камералық оркестрдің сүйемелдеуімен  Франц Шуберт, Бетховен, Иоганн Штраус, Антонин Дворжак сынды әлем композиторларының шығармалары орындалды.
Концертке М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты Әділ  Бестембеков дирижерлік етті.
Ғазиза ӘБІЛДА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<