Кітап оқығанның танымы кең

1022

0

Жуырда Қазалы аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап. Ұлттық рух. Замана тынысы» атты «Үздік оқырман-2018» жас оқырмандар байқауы өтті. Шараға кент пен Қазалы қаласындағы 11 мектептен талапкерлер қатысты. Жастарды кітап оқуға шақыруды көздеген байқау аталған кітапханада осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр.    

Байқауға ардагер ұстаз Қадырбек Бекетов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ерлан Нұржаубаев, оқушылар үйінің бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Бақыткүл Зарипова, №216 орта мектептің мұғалімі Жазира Тәжікенова, орталық кітапхананың әдістеме-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Роза Бекетаева қазылық жасады. Байқау қорытындысымен М.Горький атындағы №16 орта мектептің оқушысы Аяулым Зұлқарнай бас жүлдені иеленді. Барша талапкерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Кешті аудандық орталық кітапхананың директоры Индира Әбілқасымқызы қорытындылап, қатысқан оқырмандарға жылы лебізін білдірді.

Шараға қатысқан жастар кітап оқығанның болашағы жарқын екенін түйсінді.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<