
Аудандағы жастар саясаты шеңберінде атқарылып жатырған жұмыстардың барысымен танысты. Өз аймақтарындағы бағдарлама аясында іске асқан жобалар туралы бөлісті. Сондай-ақ, келген қонақтар түрлі жастарға арналған жобалар, Аудандық жастар үйінің жұмысын көрді.
Шара барысында екі аудан жастары мен жетекшілері өзара іс-тәжірибе алмасты. Мұғалжар аудандық жастар ресурстық орталығының ұжымымен бірлесіп жұмыс істеуге, жобаларды бірге жоспарлауға уағдаласты. Сондай-ақ, шара жастар үшін де, жастар жанашырлары үшін де жаңа таныстық ортасы болды. Келген қонақтармен өзара алдағы уақытта да осындай шараны ұйымдастырып тұруға келісті.