МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ФОРМАТЫНА ТОЛЫҚТАЙ КӨШЕДІ

295

0

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ  ФОРМАТЫНА ТОЛЫҚТАЙ КӨШЕДІ ОКҚ алаңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Брифинг барысында вице-министр 2019 жылдан бастап Қазақстан медициналық қызмет көрсету бойынша толықтай электронды нұсқаға көшетінін айтты.

Баспасөз мәслихатында аталған саланы цифрландыру, ақпараттық жүйелерді, мобильді денсаулық сақтау элементтерін енгізу, емдеу жоспарларын диагностикалау және басқару, жасанды интеллект құру және енгізу, ақпараттық және интероперабельділік үшін платформаны жеткізу сияқты сандық мәселелер талқыланады.

Вице-министр сонымен бірге, Медициналық ақпараттық жүйелерді «Қала, аудан орталығы» деңгейінде қамту 96,7 құрағанын атап өтті. Ал осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар О. Әбішев 2017 жылы 14 қыркүйекте ҚР ДСМ мен IBM компаниясы арасында Watson for oncology – жасанды интеллектті енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғандығын ескертті. Оның сөзіне қарағанда, онкология және радиология ҒЗИ базасындағы пилоттық тестілеу кезінде онколог дәрігерлердің қатысуымен 13 нозология түрі бойынша 57 ем жүргізілген.

Дәргерлер жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 90 пайызы пилоттық тестілеудің тиімділігін көрсеткен.

Сонымен қатар, вице-министр электрондық денсаулық паспортының тиімділігі туралы айтты. Науқас туралы барлық ақпаратты бір репозиториінде сақтайтын электрондық денсаулық паспорты елдегі медициналық ұйымдарда науқасты қарау және емдеу нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды. Электрондық денсаулық паспортында әр адамның дәрі-дәрмектерге аллергиялық реакциясы, қарапайым диеталық жағдайға дейінгі барлық мәліметтер сақталады. Сонымен қатар, паспорт арқылы ұрпақ қуалайтын, яғни хронологиялық ауруларды, дұрыс тамақтану жүйесін, денсаулық сақтаудың барлық қағидасын білуге болады.

 

ҚР ДСМ баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<