Нұрбол «Үздік фельдшер» атанды

390

0

Дүниежүзілік мейіргерлер күні мерекесі аясында Қызылорда қаласында облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен мейіргерлердің біліктілігін арттыру мақсатында облыстық дәстүрлі байқау өтті.
Аймағымыздың барлық өңірінен қатысқан үздік сала мамандары өзара сайысқа түсіп, оның қорытындысымен жеңімпаздар анықталып, олар түрлі марапаттарға ие болды.
Марапатталушылар арасында біздің де жерлесіміз, яғни жедел-жәрдем бөлімшесінің Нұрбол Зиядинұлы өзінің кәсіби шеберлігімен сайыс талабына сай өнер көрсетіп, қазылар алқасының шешімімен «Үздік фельдшер» номинациясының иегері атанса, тағы бір жерлесіміз, яғни жедел-жәрдем бөлімшесінің фельдшері Қарлығаш Кенбаева дипломмен марапатталды. Енді Нұрбол алдағы күндері өтетін республикалық байқауға жолдама алды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<