Нұрлыбек Нәлібаев – Үкімет басшысының бірінші орынбасары

9

0

Фото: Ақорда

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Төрт жылдан астам уақытта Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен облыста үлкен өзгерістер жасалды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жаңа деңгейге көтеріліп, жарқын жетістіктер республикаға үлгі ретінде ұсынылды.

Сыр елі – Президенттің ерекше қамқорлығы мен қолдауына ие аймақ. Мемлекет басшысы атал­ған төрт жылдың ішінде өңірге үш мәрте жұ­мыс сапарымен келді. Биыл жыл басында Құрыл­тайдың қорытынды жиыны Қызылордада өтті.

«Сыр бойы – нағыз еңбек адам­дарының мекені. Кеңес заманында осы аймақтан 100-ге жуық Еңбек Ері шық­қан. Әйгілі күрішші Ыбырай Жақаевты халқымыз ерен еңбектің символына балайды. Аға буынның абыройлы жолын бүгінгі ұрпақ лайықты жалғас­тырып келеді», – деген Мемлекет бас­шысы облыста қарқынды даму барын, бұл Нұрлыбек Нәлібаев­тың белсенді, табанды жұмы­сының нәтижесі екенін айрықша атап өткен болатын.

 Бір ғана мысал, облыс бюд­жетінің көлемі 2022 жылдың 1 сә­уірінде 391,4 млрд теңгені құраса, 2026 жылдың сәйкес кезеңінде 728,2 млрд теңге болды. Даму бюджетінің көлемі 2022 жылдың 1 сәуірінде 27,5 млрд теңге болса, 2026 жылдың сәйкес кезеңінде 79,6 млрд теңгені құрады.

Редакциямызға Нұрлыбек Машбек­ұлының аймақ­тағы қызметі мен әрбір саладағы же­тістіктер бойынша қоғам қайрат­керлері және зиялы қауым өкіл­дерінен хаттар келіп түсуде. Біз со­лар­дың бір­қатарын және төрт жыл­дың өзе­­гінде атқарылған істердің бір пара­сын оқырманға ұсынуды жөн санадық.