Орталық мешітте имамдар жиыны өтті

653

0

Айлардың сұлтаны Рамазан айына дайындықты пысықтау мақсатында өткен жиналыста Болатбек Әбуов қала және аудан мешіттерінің бас имамдарына қасиетті айда онлайн және офлайн форматта уағыз-насихат, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуін пысықтады.

Сондай-ақ Бас имам ораза айында ауызашар дастарқаны жайылуын, «Рамазан айында ішімдік сатылмасын!», «Шарапатты Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Рамазан тәбәрігі, Рамазан тәттісі» атты қайырымдылық шаралары, «Отбасы ауызашары», «Отбасы – рухани тәрбие ошағы», «30 күнге 30 видеоуағыз», БАҚ өкілдері арасында «Рамазан – рухани тәрбие айы» атты шығармашылық бәйгесі, «Өмірімді өзгерткен Рамазан!» пост (жазба) жазу, «Рамазан: балалар көзімен» балалар байқауын жоғары деңгейде өткізуді және т.б игі шараларды көптеп ұйымдастыруды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<