Өткен тәулікте 12 науқас емделіп шықты

758

0

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 3 547. Ал індеттен айыққан науқастар саны 3435-ке жетті. Өткен тәулікте 12 науқас емделіп шықты.


Бүгінде инфекциялық стационарда 34, ал стационардың реанимация бөлімінде 5 науқас ем алуда.


Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны- 15 095, тікелей қарым-қатынас-12 347, ықтимал қарым-қатынас-2 748.


Өткен тәулікте зертханаға тапсырылған сынамалар саны – 765, тексерілгені – 215, жұмыс жасалуда – 550. Қалдық тест саны – 30 325. Эпид маусым басталғалы бері 186 349 сынама алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<