Олимпиада жеңімпаздары білім гранты иегері атанды

777

0

1 наурыз – Алғыс айту мерекесіне орай жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі жеңімпаздары облыстық білім басқармасының жүлделі І,ІІ,ІІІ орындармен, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Олимпиаданың 1 орын, алтын медаль иегері атанған 14 мектеп бітіруші түлекке Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 14 білім гранты берілді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Абдрашева Дана Мейрамқызы «Сыр дарындары – өңірдің ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның шамшырағы атанып, білім мен ғылым додаларында ел абыройын асқақ ететін өрелі өрендер!». Білімді де дарынды жастарға университет әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<