Орталық емделушілері арасында өткен спорттық сайыс

251

0

Фото: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы

Қызылордада облыстық психикалық денсаулық орталығы емделушілері арасында спорттық шара өтті. Шараны Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды.

Спорттық сайыс бос уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау және халықтың белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге ынтасын дамытуға негізделген.

Футбол, үстел теннисі, ауыр атлетика, дойбы, 100 метрлік жүгіру, қол күрес сияқты спорт түрлері бойынша жарысқа бес бөлімше емделушілері қатысып, жарыста өздерін лайықты көрсете білді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан үздік деп танылған 10 спортшыға диплом мен сыйлықтар табысталды.

Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерін жоғары бағалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<