
«Мұндай ақпарат келіп түскен жоқ. Мұны сол азаматтың өзінен сұраңыздар. Егер кез келген азамат қандай да бір қоғамдық бірлестік атынан ұсынылатын болса, Орталық сайлау комиссиясы отырыстарында қарастыратын болады»,-деп айтты ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.
Еске сала кетсек, осыған дейін интернетте шоумен және продюсер Нұрлан Қоянбаев президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.