Партияның бақылау пәрмені

361

0

Фото: Аманат партиясы

Биыл «АМАNАТ» партиясы қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы 9 отырыс өткізіп, 12 мәселе қарады. Партиялық бақылау комиссиялары отырыстары мен мониторинг жұмыстары барысында 17 ұсыныс әзірленіп, басым бөлігі орындалды. Партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасында көрсетілген құрылыс нысандарына рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бұл туралы қалалық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясы төрағасы  Мейрамбек Есжанов айтты.

– Есепті кезенде партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен 63 мониторинг жүргізілді. Жол картасы аясында құрылыс нысандары, баға тұрақтылығы және азық-түлік дүкендері мен жанар-жағармай бекеттеріне бақылау жұмыстары жүргізілді. Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының сөреде көрсетілмеуі оларға арнайы орын белгіленбегені анықталды. Партиялық бақылау комиссиясының отырысында тиісті сала мамандарының есептері тыңдалды. Жол картасы бойынша атқарылған жұмыстар әрдайым партия қадағалауында болады, – деді Мейрамбек Есжанов.

Депутат демеушілігімен де бірқатар жұмыс атқарылған. Атап айтар болсақ, Ақсуат ауылдық огругіндегі бір көшеге тас төселіп, Қызылөзек ауылдық округінде  аяқ сумен қамтамасыз ету үшін су тартқыш қондырғысы орнатылды. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға оқу құралдары табысталып, Ақжарма ауылдық округінен бір жас жеткіншекке қаржылай көмек көрсеткен.

Сонымен бірге, аталған округ бойынша бюджет есебінен де бірқатар жұмыс атқарылды. «Ақсуат» ауылдық округі газға қосылып, спорт мектебі пайдалануға берілді, 10 көше жөндеуден өткізілді.

– Тұрғындар тарапынан көптеген ұсыныс-тілектер түскен болатын. Олардың басым бөлігі қаржы тапшылығы, демеушілік жасау, коммуналдық-инфрақұрылымдық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер. Барлық мәселелер реттілігімен орындалу үстінде. Ақжарма ауылы бойынша дәрігерлік амбулатория салынып, 4 көше күрделі жөндеуден өткізілсе, 5 көшеге тас төселді. Спорт алаңын салу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Талсуат ауылы бойынша ауылдық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Қызылөзек ауылдық округі бойынша 6 көше асфальттанып, 6 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл кіреберісіндегі көпірді жөндеуден өткізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленді, – деді партиялық бақылау комиссиясы төрағасы.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<