Нұрлан Кәрібаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы атанды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
— Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікбайұлы Кәрібаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.






