Проактивті қызметті таңда

432

0

Проактивті қызметті таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылорда қаласының №2 бөлімі қызметкерлері болашақ аналарға бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ, SMS арқылы проактивті тәсілмен қызмет алуға болатындығын түсіндіру мақсатында емханаларда «Проактивті қызметті таңда!» атты түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Бұл түсіндірме жұмыстары қаламыздың №3 және №4 емханаларында өткізілді. Шара барысында «Азаматтарға арналған үкіметтің» ХҚО- қызметкерлері 50-ге жуық болашақ аналарға бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен алуға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, нұсқаулықтары көрсетілген ақпараттық парақшалар таратты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып проактивті тәсілмен қызмет көрсетуді жүзеге асырған, ал өткен жылдың желтоқсан айынан бастап бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен ұсыныла бастады.

Аталған режимдегі қызметті алудағы басты шарт – мобильді азаматтар базасына тіркелу. Оны ХҚО-да немесе электронды үкімет порталының жеке кабинетіңізде жүзеге асыра аласыз. Ол үшін ЖСН-і ұялы телефон нөміріне байланыстыру жеткілікті.

Мобильді азаматтар базасына тіркелген, жаңа босанған анаға СМС-хабарлама арқылы құттықтау келіп отырады. Күн санап мобильді азаматтар базасына тіркеліп, бала тууға байланысты мемлекеттік қызметті проактивті  тәсілмен  алуға  ынта білдірушілер  саны  артып  келеді. 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша ХҚКО Қызылорда қаласының №2 бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<