Қайрат Боранбаев өз еркімен тағы 30 млрд теңгені мемлекетке қайтарды

247

0

Фото: ашық дереккөзден

Қайрат Боранбаевқа өзіне қатысты жүргізіліп жатқан тергеу амалдары аясында өз еркімен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды, деп хабарлайды Кazinform Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті туралы мәлімдеді.

Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат түрінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды», – делінген ақпаратта.

Еске салайық, көгілдір отынды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын. Бұл қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталады (ҚР Бюджет кодексі 52-3 бап) деп жоспарланған.

Еске салайық, кеше Қ.Боранбаев құны 1,4 млрд теңге болатын қонақ үйін мемлекет меншігіне бергенін жазған едік. Оның алдында 90 млрд теңгеден астам соманы құрайтын активтерді мемлекетке қайтарды.

Еске салсақ, 2022 жылы 17 наурызда соттың шешімімен Қайрат Боранбаев 2 айға қамалған еді.

Кейін Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың сыртқа заңсыз шығарылған активтері қайтарыла бастағаны хабарланды.

Астанада сот отырысы былтыр 30 желтоқсанда басталды.

Сот шешімімен Қайрат Боранбаевқа 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кейін сотта бұл үкім қайта қаралып, мүлкін тәркілеу және жазаны екі жылға қысқарту белгіленді.

Кейін сот Қайрат Боранбаевтың тергеу органдарымен мәмілеге келуін қанағаттандырды.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Боранбаевтың тәркіленген мүлкі қайда бағытталатынын айтқан болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<