Қызылорда облысы «Қайсар» футбол клубының басқарушы директоры болып Бақытжан Пазылхайыр тағайындалды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Бақытжан Пазылхайыр Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде, «Amanat» партиясында, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-да түрлі басшылық қызмет атқарған.
Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры болды.
Сондай-ақ Кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды ұйымдастыру дирекциясын басқарды.
Бұған дейін «Қайсар» футбол клубының баспасөз қызметі клубтың бас бапкерлігіне үміткерлер туралы ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады.






