Қазалылықтар алғыс айту күнін ерекше атап өтті

747

0

Бүгін Қазалы ауданында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті.


Шарада ұжымдар қоғамдағы түрлі сала өкілдеріне алғыс білдіріп, ризашылық көңілдерін көрініс арқылы ән-бимен жеткізді.


Аудандық оқушылар үйінің ұжымы отбасындағы ата-әже, әке-ана, бауырларға, №249 мектеп-лицей ұжымы ұстаздар мен ата-аналарға, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі диқандар мен еңбек адамдарына, Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі дәрігерлерге, өрт сөндірушілер мен ішкі істер саласының қызметкерлеріне, Әйтеке би кенттік клубы көше тазалығын қамтамасыз етіп жүрген жұмысшыларға, Қазалы көлік-техникалық колледжі теміржол саласының қызметкерлері мен құрылысшыларға, аудандық мәдениет орталығы түрлі этнос өкілдеріне рахмет айтты.


Шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қазалылықтарды көктем мезгілінің алғашқы күніндегі айтулы мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы тәуелсіздіктің толағай табыстарына қазалылықтардың зор үлесі бар екенін атап өтіп, барша аудан тұрғындарына, барлық сала өкілдеріне алғыс айтты.


Бұдан соң қоғамға еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға Қазалы ауданы әкімінің арнайы номинациялары табысталды. Марапат төрінде «Абыз ақсақал», «Ардақты әже», «Қайсар жан», «Ұлт мұрасын ұлықтаған», «Аялы алақан», «Еңбегім еліме», «Қайырымды жан» және «Батыр бала» иегерлері көпшіліктің құрмет-қошеметіне бөленді.


Мерекелік шара елдегі ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін концерттік бағдарламаға ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<