Қазақстан литий өндірісін жолға қоймақ

207

0

Фото: pixabay.com

Қазақстан литий өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

«Корея Қазақстанның инвестиция бойынша ең үлкен 5 серіктесінің бірі саналады. Қазіргі таңда КІА зауыты салынуда. Оны келесі жылы ашамыз. Бұл – өнеркәсіпке байланысты бірінші мәселе. Екіншіден, бүгінде Корей геологиялық-геофизикалық және минералды ресурстар институты Қазақстанда сирек металдарға – литийге геологиялық барлау жүргізіп жатыр. Осыған орай бүгін келісімшартқа қол қоямыз. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін елімізде литий өндіруге мүмкіндік болады. Қазіргі таңда мұндай өндіріс елімізде жоқ», – деді министр бүгін Ақордада.

Министрдің нақтылауынша, кореялық институт еліміздің Шығыс Қазақстан облысында литий кен орнына барлау жүргізіп жатыр. Аталған металдан көліктерге арналған батареялар шығарылады.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға үшкүндік мемлекеттік сапармен келген Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль арасында келіссөздер өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<