Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне құрмет көрсетілді

428

0

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановтың қатысуымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орай салтанатты шара өтті.

Асқарбек Темірбекұлы аудан халқын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күнімен құттықтады.

Мемлекеттік Рәміздерімізді насихаттауда көк байрағымызды жеңіс тұғырында желбіретіп, ән ұранымызды асқақтатып жүрген белсенді азаматтарды облыс әкімінің және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында бейбіт шеру ұйымдастырылып, аудан мақтаныштары көк туымызды мақтанышпен көтеріп, көшелерді жүріп өтті. Шеруге еріктілер, өз саласының үздіктері, аудан мақтаныштары қатысты.

Аудан бойынша 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орай арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, мемлекетті мереке жоғарғы деңгейде аталып өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<