Қазгидромет қызметкерлерінің жалақысы өседі

363

0

Сурет ашық дереккөзден

Биыл «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбекақысы артады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін қаражат бөлуге қол жеткіздік. Биыл олардың жалақысы 26-дан 111%-ға көтеріледі. Бүгін Сенат «Республикалық бюджетті түзету туралы» Заңды қабылдады. Онда «Қазгидромет» қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат көзделген. Кейінгі екі ай бойы аталған мақсат үшін кәсіпорын бюджетін ұлғайту қажеттілігін сұрап келген едік. Қолдау көрсеткені үшін барлығына алғыс айтам», – деп жазды Зүлфия Сүлейменова Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, министр орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің де жалақысын көтеру бағытында жұмыс жүріп жатқанын айтты.

«Мемлекет басшысы заңға қол қойғаннан кейін рәсімдеу мәселесін жедел жүзеге асыруға кірісеміз. Сонымен қатар, қызметкерлердің жағдайын жақсарту бағытындағы жұмысты да жалғастырамыз», – дейді ведомство басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<