Қостанай облысында әжесі мен немересі үсіп өлді

306

0

Сурет: phxere

Қостанай облысындағы ауылдың шетінен әйел мен баланың мәйіті табылды. Полицейлер мен еріктілер оларды бір тәуліктен астам іздеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

68 жастағы әйел мен 11 жастағы қыз 2023 жылдың 26 желтоқсанында таңертең Степное ауылынан шығып, үйіне оралмаған соң іздеу жарияланған. Олар Қостанайға барып азық-түлік сатып алмақ болған.

Полицейлер із-түзсіз жоғалған әжесі мен немересін табу үшін дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Іздеу жұмыстарына 120-ға жуық адам мен алты техника жұмылдырылды.

«2023 жылы 27 желтоқсанда сағат 12-лер шамасында Степное ауылының шетінен жоғалған адамдардың мәйіті табылды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», – делінген Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Ведомство барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Өңірде 26 желтоқсаннан бері күн райы нашарлай түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<