Қостанай облысында жол апатынан жүргізуші әйел мен оның егіз баласы көз жұмды

553

0

Фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты: егіз бала және олардың анасы, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты 7 ақпанда Қостанай- Қарабұтақ тас жолының 470 шақырымында болды. JAC S3 автокөлігінің жүргізушісі алдындағы машинаны басып озғысы келіп, қауіпсіздікке көз жеткізбестен қарсы қозғалыс жолағына шығып, ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты: 9 жасар егіз бала және олардың 33 жастағы анасы. Тергеу жүргізілуде. Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4 б Жол жүру ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<