Құлынды құтқармақ болған Түркістан облысының тұрғыны судан шыға алмай қалды

247

0

Фото: Түркістан облысы ПД

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапархан жас жігітті ажалдан арашалап қалды, деп хабарлады Қазақпарат.

Республикалық маңызы бар «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тасжолына кезекшілікке түскен полицейлерге жол бойындағы адамдар Сырдария өзенінен бір адамның шыға алмай жатқанын жеткізген.

Тәртіп сақшылары мән-жайды білісімен бірден құтқару жұмысына кірісті.

Дәулет суға түсіп, батып бара жатқан адамды жағаға жақындатты.

Содан әріптесі Нұрғали екеуі ер адамды сүйреп, қауіпсіз жерге алып шықты.

«Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, құлынның өзенге түсіп кеткенін көрген. Содан құтқармақ болып суға түсіп, шыға алмай қалған. Қазіргі таңда полицейлердің жылдам әрекеті арқасында аман қалған тұрғынның жағдайы бірқалыпты» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<