Қыс мезгілінде көлікті қалай жүргізу керек: Тәжірибелі маманнан 6 кеңес

538

0

Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Еліміздің кейбір өңірлерінде қыс қатты болады. Аяз қысқан күндері көлікті қыздыру қиынға соғатыны бар. Осы орайда, Президент іс басқармасы автошаруашылығының 50 жылға жуық тәжірибесі бар көлік жүргізушісі Қайрат Нұрмағамбетов қыс мезгілінде автокөлікті күту және қыздыру туралы бірнеше кеңес берді, деп хабарлайды Kazinform.

Аязды күндері алдымен көлікті іске қосу қажет. Қыста жүргізуші үшін ең қауіпті нәрсе: түні бойы төменгі температурада тұрған көліктің оталмай қалуы. Осы орайда, көлікті іске қоспас бұрын барлық функцияларын өшіріп алған жөн, яғни жарық шамдарының, пешінің және жылыту жүйесінің сөндірулі тұрғанына көзі жеткізіп алыңыз.

Қозғалтқышқа батареяны пайдалану. Кілтті бұраған кезде, қозғалтқышты сәл айналдырып тұрыңыз. Бірақ оны 10 секундтан артық ұстамаған жөн, әйтпесе стартерге зияны тиюі мүмкін. Егер бұдан пайда болмаса, бірнеше минут күтіп, қайталап көріңіз. Егер аккумулятор толық қатып қалса, онда автомобильдегі басқа аккумулятормен оталдырып көру керек.

Жалпы, қыс мезгіліне көлікті әзірлегенде сапалы аккумулятор қойған абзал. Қосымша аккумулятор алып жүрудің де артықтығы жоқ.

Қыстың күні көліктің терезесі жиі буланады немесе аяздан қырау қатып қалып жатады. Мұндай болмас үшін жүріп келген көліктің есіктерін бірнеше минутқа ашып қоюға кеңес береміз. Сонда таңертең тек әйнекке түскен қарды сыпырып тастайсыз, болды.

Шиналардың ауа қысымы. Қоршаған ауаның температурасы төмендеген кезде, шинаның да қысымы кемиді. Сондықтан, қысқы резеңкені ауыстыру арқылы шинаның қысымын реттеп алған дұрыс, өйткені дұрыс қысымды шиналар қауіпсіз және жанармай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Көліктің айналарын таза ұстау. Рас, таңғы уақытта қырау қатып қалған айнаны тазалау біршама әуреге түсіреді. Бұл орайда, айналарды аяздың алында сүртіп қоюға кеңес береміз. Бұл айнаның жарылып, сызылуына және зақымдануына жол бермейді, сонымен қатар мұздың тез түсуіне әсер етеді.

Автокөлікті тұрақ тежегішіне дұрыс қою да маңызды. Жүргізушінің айтуынша, тежегіш жүйесі суығанша біршама күту керек.

Айта кетсек, көлік жүргізушісі Қайрат Нұрмағамбетовтің 46 жыл тәжірибесі бар. Еңбек жолын Ақмола облысындағы Жарсуат ауылынан бастаған. Соның ішінде соңғы 26 жылда Президент іс басқармасы автошаруашылығында көлік жүргізіп жүр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<