Қызылорда аймағына есірткі жеткізушілер ұсталды

252

0

Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды.

«2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталды. Бұдан басқа, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп жазды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<