Қызылорда облысында жауын-шашыннан кейін Құмсай бөгетін су шайып кетті

286

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Қызылорда облысы Арал ауданында жауын-шашын және еріген қар суының мол жиналуы салдарынан Құмсай бөгетінің бір бөлігін су шайып кетті. 

Бөгеттен 2 шақырым қашықтықта орналасқан Сексеуіл кентіндегі автожолдар мен өзге нысандарды су басу қаупі жоқ.

«Жауын-шашын және еріген қар суының мол жиналуынан Құмсай бөгетінің бір бөлігін су шайып кетті. Мол су Тербенбес қырқасының жанындағы сайға су ағуда. Кенттегі автожолдар мен халық шаруашылығы нысандарын су басу қаупі жоқ. Бұдан бөлек, «Бозой-Шымкент» газ құбырына қызмет көрсететін техникалық жолды су шаюы Ақеспе елдімекені халқының жол қатынасына қиындық тудырып отыр. Осы ретте табиғи құбылыс салдарынан болған уақытша жағдай ауыл тұрғындарына түсіндірілді», – деп мәлім етті Арал ауданы әкімдігінен.

Ведомство мәліметінше, аудан әкімдігі тарапынан тиісті мекемелер мен жауапты сала басшыларына мәселені қатаң бақылауда ұстап, дер кезінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<