Қызылордада ер адам интимдік суреттерді жариялаймын деп бопсалаған

510

0

Қызылордада ер адам қызды интимдік суреттерімен бопсалаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, полицияға 29 жастағы қала тұрғыны хабарласып, танысының әлеуметтік желіде интимдік сипаттағы суреттерді жариялаймын деп қорқытып ақша бопсалағанын айтқан.

«Осы факт бойынша Қызылорда қаласы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 33 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Айғақты заттар тәркіленді», делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөлігі «Бопсалау» бойынша соталды тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<