Қызылордада қатты жел шатырларды ұшырып, тұрғын үйлер электр жарығынсыз қалды

590

0

Қызылорда облысында ауа райының қолайсыз болуына байланысты бірқатар аумақта электр желілері ажыратылған. Қазалы ауданында жылу мекемесінің мұржасы ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қатты желдің әсерінен Қызылорда қаласында бірқатар тұрғын үй мен мекемелердің шатыры ұшып кеткен. Оған қоса облыстың кей бөлігі электр жарығынсыз қалды. Бағаналар мен көше бойындағы ағаштар құлап, қолайсыздық туғызуда. Бірнеше жерлерде электр жарығы сөнген.

«Осыған орай, КРЭК АҚ қоғамы зақым келген электр желілерін қалпына келтіру үшін барлық ауданға 160 адамнан тұратын 39 бригада жұмылдырды. Бүгінде 36 техника мен 10 арнайы техника жұмыс істеп жатыр», – деп мәлім етті өңірлік коммуникациялар қызметінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<