Бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде Қазақстан полициясы күніне орай қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алу мақсатында салтанатты шара өтті. Іс-шараға департаменттің басшылығы, жеке құрамы және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.
Полиция қызметкерлері қаза тапқан әріптестеріне арналған мемориалдық стелаға гүл шоқтарын қойып, олардың рухына тағзым етті.
Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін жиналғандар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұл күннің маңызына тоқталған Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын айтып, олардың есімдері әрдайым құрметпен еске алынатынын атап өтті.
«Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің ерлігі мен жанқиярлығы ешқашан ұмытылмайды. Олар қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жолында өз өмірлерін құрбан етті. Бүгін біз олардың жарқын рухына тағзым етіп, есімдерін құрметпен еске аламыз. Қаза болған қызметкерлердің ерлігі кейінгі буын үшін адалдықтың, жауапкершіліктің және Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі болып қала береді» деді С.Тоқтыбаев.
Мұндай іс-шаралар қызметтік борышын адал атқарған тәртіп сақшыларының ерлігін ұлықтап, жас буынға отансүйгіштік пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған.





