Қызылордада қылмыскерді ұстауға көмектескен шекарашы марапатталды

615

0

Бүгінде әр адамның азаматтық ұстанымы маңызды. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға бей-жай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным таныту тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.


Міне, бүгін, қызылордалық полицейлер өзінің азаматтық ұстанымын танытып, қылмыскерді құрықтауға көмектескен шекарашыны марапаттады. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Жанқожа батыр» атындағы шекара бөлімшесінің бастығы капитан Ержан Зайнулинұлы Елемесов ұрлық қылмысының алдын алуға көмектесті.


Қызылорда қалалық Полиция басқармасында Басқарма бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Оспанов Азамат қылмысты ашу жолында қырағылық танытқан Ержан Зайнулинұлы Елемесовті Алғыс хатпен марапаттады.
Басқарма бастығының бірінші орынбасары Азамат Оспанов өз алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.


Бұл оқиға 6 қазан күні қаланың сол жақ жағалауында орын алған.


Демалыста жүрген Ержан азаңғы уақытта үйінен қоқыс төгуге шыққан болатын. Сол уақытта ол автокөлік тұрақтарында тұрған көліктердің бірінің қасынан күдікті адамды байқайды. Бейтаныс адам Ержанның көршісінің көлігін ашып жатқан көрінеді.
Ұрлық қылмысының болып жатқанын байқаған ол дереу күдікті тұлғаны ұстап, сол мезетте «102» арнасына хабарлама береді.


Түскен хабарлама бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, күдікті 37 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3 – бөлігі (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.


Көлік иесі ұрлықтың алдын алған шекарашы мен полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі


Пресс-служба Управления полиции города Кызылорда

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<