Қызылордада Тасбөгет кенті тұтынушылары газдан ажыратылды

657

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда қаласында бүгін Тасбөгет кентінің кіреберісіндегі жоғары қысымды газ желісінде ақау болды. Салдарынан ақау шыққан аумақтағы тұтынушылар газдан ажыратылды.

Аталған оқиғаға байланысты Қызылорда қаласының әкімдігі түсініктеме берді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы биылғы жылдың 29 наурызы күні Тасбөгет кентінің кіреберісіндегі жоғары қысымды газ желісінде ақау тіркелгенін анықтады.

«Төтенше жағдайдың алдын алу үшін ақау шыққан аумақтан тұтынушыларға берілетін көгілдір отыны ажыратылды. Апатты бригадамен ақауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйлерді газға қайта қосу жұмыстары таңғы уақытта жүргізіледі. Келтірген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», – деп атап өтті әкімдіктен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<