Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ү.ж. 6–9 шілде аралығында Екатеринбург қаласында өткен XVI халықаралық «ИННОПРОМ-2026» өнеркәсіптік көрмесі аясындағы «Индустрия 360: шекарасыз өндіріс» пленарлық сессиясына қатысты.
Премьер-министр өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанның әділетті әрі прогрессивті мемлекет құру бағытын дәйекті түрде жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ адам капиталын дамыту, ғылым мен инновацияны қолдау, экономиканы жаңғырту және халықаралық өндірістік ынтымақтастықты кеңейту елдің негізгі басымдықтарының бірі екенін жеткізді.
Көрме барысында Қазақстанның машина жасау, металлургия, IT, құрылыс материалдары және тамақ өнеркәсібі салаларындағы отандық кәсіпорындарының өнімдері мен озық технологиялық әзірлемелері таныстырылды.
Экспозицияда Қызылорда облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары – «Orda Glass Ltd» және «Aina Glass» серіктестіктерінің өнімдері таныстырылды.
Сонымен қатар өндірістегі жасанды интеллект, микроэлектроника және технологиялық білім беру бағытындағы инновациялық жобалар таныстырылды.






