Қызылордалық полицейлер жыл басынан заңсыз айналымнан 1 тн 570 кг есірткі заттарын тәркіледі

146

0

Фото: Qyzylorda PD

Жыл басынан Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс–қимыл басқармасымен 237 құқық бұзушылық анықталды. Оның 66 дерегі есірткі өсіру, 22 есірткі өткізу, 5 (-есірткі жарнамалау, 1 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 1 есірткіні тұтынуға көндіру қылмыстары және 142 теріс қылық.

Заңсыз айналымнан 1 тонна 570 килограмм есірткі заттары, оның ішінде 188 килограмм 021 грамм марихуана, 437 грамм гашиш, 1 тонна 369 килограмм сора өсімдігі, 9 килограмм көкнәр өсімдігі, 2 килограмм 666 грамм синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Үй жағдайында сора өсімдігін өсірген 5 фитозертхана анықталды. Облыс орталығында полицияның кешенді күштерімен күнделікті нарядтарда көпқабатты үй аулалары, гараждар мен құрылыс аумақтары арасында тексеру жұмыстары үнемі жүргізіліп, жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы шолу жұмыстары жүргізілуде.

Жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде есірткі жарнамалайтын «граффити» суреттер саны төмендеді.

«Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1120 сайт енгізіліп, бұғатталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.