Қазан айының 9-10 күндері әйгілі «Race Across the World» атты британдық телевизиялық саяхат-жарыс жобасының қатысушылары бүгін Қызылорда қаласына арнайы келді.
Бағдарламаның басты мақсаты – қатысушылардың шектеулі бюджет пен белгілі бір уақыт ішінде бір елден екінші елге дейін түрлі көлік түрлерін пайдалана отырып, ең жылдам жетуін қамтамасыз ету. Бұл шоу көрермендерге әлем елдерінің табиғаты мен мәдениетін, халқының қонақжайлылығы мен тұрмыс-тіршілігін танытуды көздейді.
Сапар аясында бағдарлама қатысушылары Сыр өңірінің мәдени және спорттық нысандарымен танысып, қала өміріне куә болды.
Олар сондай-ақ «Евразия» спорт кешенінде дзюдо спорт түрінен өткен сайысты тамашалап, жергілікті спортшылардың өнеріне тәнті болды.
Бұл сапар – Сыр елінің туристік әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға және өңірдің мәдени-спорттық келбетін кеңінен насихаттауға мол мүмкіндік бермек.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы






