Ресейден ет пен сүт өнімдерін енгізу уақытша шектелді

206

0

Елімізге Ресей Федерациясының Приморский өлкесінен ет, сүт тасымалдауға уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Baq.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Халықаралық эпизоотиялық бюросының ресми нотификациясы негізінде 2019 жылғы 14 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының Приморский өлкесі аумағынан аусылға бейім жануарларды, сиыр етін, шошқа етін, қой етін, сүт және сүт өнімдерін, жылулық өндеуден өткен дайын өнімдерді қосқанда, бейім жануарлар союдан алынған тағамға қолданылмайтын шикізаттар мен бұйымдарын, аусылға бейім малдарды ұстауға, союға және өңдеуге қолданылған жабдықтарын, жануарларға арналған азықтар мен азықтық қоспаларын кіргізуіне уақытша шектеулер енгізеді», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<