«Рухани жаңғыру – дамудың басты кепілі» атты аймақтық семинар өтті

362

0

Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында «Рухани жаңғыру – дамудың басты кепілі»  атты аймақтық  семинар өтті. Семинардың мақсаты – ҚР Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын кең көлемде насихаттау. Сондай-ақ, «Тәрбие және білім» бағдарламасы бойынша  мұғалімдер мен оқушылар арасындағы байланысты нығайту, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында өскелең ұрпақтың мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру.
Семинарға аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің басшысы Әлима Жақыпқызы, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары, Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту бөлімі мамандары, Қызылорда гуманитарлық заң және техикалық колледжі, С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжі, М.Мәметова атындағы гуманитарлық жоғарғы колледжінің ұстаздары, қала мектептерінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына жауапты орынбасарлары мен мектеп бітіруші түлектері қатысты.
 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құрал. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім мен ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш екендігін насихаттау барысында  Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында «Рухани жаңғыру – дамудың басты кепілі» атты семинар-практикум өткізілді. Семинар «Рухани жаңғыру» көрмесінен бастау алып, семинардың ашылуында Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия директоры Ұ.Байымбетов пен аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің басшысы Әлима Жақыпқызы сөз сөйлеп, семинар бағдарламасымен таныстырып, келген қонақтарға сәттілік тіледі.
  Бағдарлама барысында «Жолдау жолымен, білім биігіне!» атты презентацияның таныстырылымы болды.
 Әрі қарай, №176 мектеп мұғалімдері «Цифрлық дәуір – төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу жолы» тақырыбында панорамалық сабақ  өткізілді және Н.Ахмадеева атындағы №112 мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары – Садыкова Жанардың ұйымдастыруымен «Сәлем – сөздің атасы» тренингі мен «Туған жер – тұнған тарих» тақырыбында интеллектуалдық ойынымен жалғасын тапты.
Сонымен қатар, №9, №23, №173 мектептердің бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары С.Баязитова, Л.Пркауова, М.Назикбаевтың ұйымдастыруымен «Сұранысқа ие мамандық – жарқын болашағының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, сала мамандарымен кездесу болды.
Семинар   соңында   Ж.Нұрманов атындағы №198 мектептің бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Нам Наташа «Дружба народов» музыкалық компазициясы қойылымын көрсетіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Іс-шара соңында, қалалық білім бөлімінің әдіскері Ибраева Айнұр Қуанышқызы қорытынды сөз алып, семинар ұйымдастырушылары мен келген қонақтарға алғыс білдірді.
Қызылорда қаласы білім бөлімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<