Сәби күтіп жүрген Илья Ильин «Гендер-пати» ұйымдастырды (видео)

693

0

Сурет видеодан алынды

Екінші рет шаңырақ көтерген танымал спортшы Илья Ильиннің жұбайының аяғы ауыр. Ауыр атлет болашақ баласының ұл болатындығына сенімді болғанын жасырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірақ шара барысында белгілі болғандай, арнайы аппарат іштегі баланың жынысы – қыз екенін анықтап, белгілеген.

«Достар, сіздермен отбасымыздың ең үлкен қуанышын бөлісетін кез келді! Жақында біз жай ғана ғашық еркек пен әйел болмаймыз! Құдай бірлігімізге береке әкелді! Біз ата-ана боламыз! Екі апта бойы ұлды болатынымызға сенімді болдық, бірақ УЗИ бәрін көрсетті! Баламызды қай спортқа береміз деп дауластық, ат ойлап таптық, бірақ Құдайдың өз жоспарлары бар! ДНК тесті қыз болады деп көрсетті! Біз қатты таңғалдық, бірақ қуандық! Біз сені күтеміз біздің тәтті балапанымыз!» – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, 2017 жылы Илья Ильин бірінші жұбайы, гандболшы Наталья Кулаковамен ажырасқан болатын. Олардың арасында Милана есімді қыз бала бар. 2023 жылы қаңтар айында спортшы қайта шаңырақ көтерді.  Бизнесвумен Наталья Гордиенко Ильиннен 9 жас үлкен екені белгілі. Оның иелігінде бренд киім-кешектер дүкені, фитнес орталық, косметологиялық емхана бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<