Конституция

Санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары талқыланды

6

0

Фото: Жаңақорған ауданының әкімдігі

Кеше аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің төрағалығымен өткен мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының барысы қаралды.

Аудан басшысы «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тазалық пен қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілікті арттыру екенін атап өтті.

Мәжілісте аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарының ұйымдастырылуы талқыланып, Шалқия тасжолы бойы тазалық жұмыстары жүргізілетін жауапты аумақ ретінде нақтыланды. Осыған сәйкес әрбір мекеме мен ұйымға бекітілген бөлініс бойынша жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындау тапсырылды.

Сонымен қатар, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, көркейту және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырудың маңыздылығы айтылып, бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді.

Жиын қорытындысында жауапты сала басшыларына бекітілген жоспардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету, тазалық жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстап, экологиялық акция аясындағы іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.