Шиелі ауданындағы ірі компаниялар да акцияға үлес қосты

426

0

Фото: Шиелі ауданы

Республика бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алуда.

Бес аптаға жоспарланған тазалық науқанының әр бөлігінің өзіне тән атауы мен мақсаты бар. Аталған акцияның «Жасыл ел» апталығы аясында ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Шиелі ауданындағы өндіріс орындары«Ру-6»ЖШС мен «Semizbai-U ЖШС-нің Иіркөл кеніші қызметкерлері өз мекеме аумағын абаттандырып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жұмыстарына 50 адам, 7 техника жұмылдырылып, 500 түп ағаш егілді. «Semizbai -U» ЖШС Иіркөл кенішінің директоры, аудандық мәслихат депутаты М.Салқынбаевакцияға қатысып, игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<