6 шілде – Қазақстан Республикасының Астана күніне орай Шиелі ауданындағы «Мұстафа Шоқай» атындағы орталық алаңда салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға аудан тұрғындары мен қонақтары қатысып, елорданың айтулы мерекесін ерекше көңіл күймен атап өтті.
Кеш барысында аудан өнерпаздары көрермендерге әсерлі концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар, ұлттық өнерді ұлықтайтын музыкалық және хореографиялық қойылымдар сахналанды. Әсем ән мен күмбірлеген күй мерекенің көркін келтіріп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік концерт ел бірлігі мен татулығын, Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеген тағылымды шараға айналды.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі






