Шиеліліктер жұмыс күнін Мемлекеттік Гимн орындаудан бастады

6

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шиелі ауданындағы барлық мекемелер мен ұйымдарда жұмыс күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды.

Таңғы уақытта аудан тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілер бір мезетте сап түзеп, еліміздің басты рәміздерінің бірі – Әнұранды зор мақтанышпен орындады. Бұл игі шара елге деген сүйіспеншілікті, Отанға деген адалдықты және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті айшықтай түсті.

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тәуелсіздігін, бірлігі мен тұтастығын білдіретін қасиетті құндылықтар. Әнұранды бірге орындау арқылы шиеліліктер елдік рух пен патриоттық сезімнің жоғары деңгейде екенін көрсетті. Бұл бастама аудан тұрғындарының ел болашағына деген жауапкершілігін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін тағы бір мәрте паш етті.

Көк Туымыз көкте мәңгі желбіреп, Елтаңбамыздың абыройы асқақтай берсін!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні Тәуелсіздігіміздің мәңгілік үні болып шарықтай берсін!

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі